Басты Жаңалықтар Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында саланың 30 маманын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Солардың арасында Ақтөбе облысынан келген Аманғос Төлеуов те бар. «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына бұл марапат еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін берілді. Аманғос Сансызбайұлы басқаратын шаруа қожалық өсімдік, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді табысты үйлестіріп отыр. Биыл 16 мың гектардан астам аумаққа бидай, арпа, күнбағыс, жемшөп және күздік дақылдар еккен. Диқан бұған дейін болған су тасқыны кезінде де Қобда және Ойыл ауданының шаруашылықтарына алғашқылардың бірі болып көмектесіп, көптің алғысын алған еді. Ақордада өткен салтанатты шарада салаға еңбегі сіңгендер «Парасат», «Құрмет», ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.


Бөлісу