Алматы облысында ұстаздарға ЖИ курсы басталды
Алматы облысында ұстаздарға арналған тегін жасанды интеллект курсы басталды. Мұғалімдердің цифрлық сауатын арттыруға бағытталған жоба аясында педагогтер Daryn.AI платформасының мүмкіндіктерін меңгеріп, сабаққа дайындық, баға қою, құжат жүргізу және ата-аналармен байланыс процесінде жасанды интеллектіні пайдалануды үйренбек. Курс бағдарламасы 3 кезеңнен, 9 модульден тұрады. Алғашқы кезеңге барлық мектеп мұғалімдері қатыса алады. Екінші кезеңде 400 мұғалім хакатонға қатысып, өз идеяларын таныстырады. Нәтижесінде ең үздік 20 педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтуге жолдама алады.
Айбек Қуатбай, Daryn.Online компаниясының бас директоры:
Бұл жобада мұғалімдер өздерінің апта сайын құртатын 40 сағаттың 20 сағатын рутиналық жұмыстарға жұмсайды. Сол курсты оқу арқылы, инструменттерді пайдалану арқылы мұғалімдер 20 сағатын одан ары қарай қысқарта алатын еді. Ал бос қалған уақытын өзінің дамуына, жеке шығармашылық жұмыстарына жұмсауға мүмкіндік алатын еді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03