Алматыда балалардың дұрыс тамақтануына арналған ата-аналар форумы өтті
Елімізде әр бесінші бала семіздікке шалдыққан. Салдарынан жасөспірімдер арасында қант диабеті, гипертония, ас қорыту аурулары жиілеген. Мамандар бұған сапасыз азық-түлік те әсер етіп отыр дейді. Сондай-ақ мәселенің бір ұшы мектептегі тамақтану жүйесіне де тіреледі. Биылғы оқу маусымына дейін оқушыларға берілетін тағамдарда көкөніс аз, қант пен тұз мөлшері шамадан тыс жоғары болған. Ал биылдан бастап қант 3,6 есеге, тұз көлемі 5 есеге азайтылды. Мамандар ата-аналарға балалардың ас мәзірін үйде де тұрақты бақылауда ұстауға шақырады.
Рауан Ерұланқызы, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жоба басшысы:
Үйдегі тамақтану әдетін жөндеуді назарға алуымыз қажет. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу алдындағы жауапкершілікті бізден ешкім ала алмайды. Сондықтан ең маңыздысы дұрыс тамақтануды үйде қалыптастыру.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04