Ұлттық құрама өз алаңында Бельгиялықтарды қабылдайды
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Астанада Бельгияның ұлттық құрамасымен кездеседі.
«Бельгияның ұлттық құрамасы әлемдегі үздік командалардың бірі. Манчестер сити, Арсенал, Астан Виллиа сияқты мықты клубтарда ойнайтын Леандро Троссард , Жереми Доку, Амаду Онана сияқты ойыншылар Астанаға келді. Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Турнир кестесінде қазақстандық футболшылар 7 ойыннан кейін 7 ұпаймен төртінші орында келе жатса, Бельгия 14 ұпаймен көш басында тұр. Бұған дейін ұлттық құрама сырт алаңда Бельгиядан 6:0 есебемен ойсырата ұтылған еді. Жалпы, екі құрама қазірге дейін 7 мәрте кездесіп, оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында отандастарымыз қарсыласына есе жіберген. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында, қарсылас өте мықты, бірақ матчқа нағыз бабында тұрған спортшыларымызды шығарамыз, өз ойнымызды көрсетеміз деді. Біздің ұлттық құрамада да жас таланттар, тәжірибелі ойыншылар жетеді. Оның үстіне бұл іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын. Сондықтан, бүгін Қазақстан жеңіске жетеді үміттенеміз. Қалай дегенмен, бүгін Астана Аренада футбол мерекесі болады. Себебі, билеттің бәрі бір аптада сатылып кеткен екен. Ал, матч 19:00–де басталады. «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03