Блог жүргізу әдебі: Блогер қандай болғаны дұрыс?
Сенатор Амангелді Есбай «кәсіби білігі күмән туғызатын коучтар мен психологтардың көбеюі азаматтардың психикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр» деген депутаттық сауалында бұл мәселенің заңды және кәсіби тұрғыда реттелмеуіне назар аударады.
Иә, психологиялық көмекке сұраныс айтарлықтай артқан. Бірақ кәсіби білігі жоқ
«мамандар» көбейіп барады. А. Есбайдың айтуынша, мұндай псевдосарапшылардың бір
бөлігі ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ұлттық құндылықтарға
қайшы пікірлерді ашық түрде таратады.
Олар дін қағидаларын өз бетінше тәпсірлеп, дәстүр мен дін арасындағы
тепе-теңдікті бұзып, адамдарды адастырып жүр. «Жұбайыңызды қалай өзгертуге
болады?», «Балаңызды басқару тәсілдері» немесе «Ажырасу - жаңа өмірдің бастауы»
деген мазмұндағы радикалды көзқарастарды насихаттайтын псевдомамандардың
ықпалынан көптеген отбасылардың шаңырағы шайқалып жатыр деп есептейді.
Бизнеске байланысты «коучтар» - ол бөлек бір тақырып. Сенатор психологиялық
және коучинг қызметі туралы заң қабылдап, лицензиялау және кәсіби тіркеу
тетігін енгізуді ұсынады. Бұл «қызметтер» блогерлікпен ұштасады.
Қаншасының псевдо екенін есептеп жатқан ешкім жоқ, сондықтан «мынша пайызының»
деп сенімді формада айта алмаймыз. Алайда ғылыми дәйегі жоқ «дәрістер»
ұсынатындар аз емес.
Ең қорқыныштысы - ондай «ілімдерге» тамсанып отырған адам - бірнеше миллион.
Мысалы, түс көріп таңғажайыптар ашып жүрген «мамандардың» аудиториясы негізінен
мектеп мұғалімдері екенін естігенде... Шын, не деріңді білмейсің.
Әлеуметтік желілерді «парақтау» әдеті бәрібір қалмайды. Ендеше шаруамен, іспен,
кәсіппен айналысатын адамдардың парақшаларын көрсек. Мысалы, дамыл таппайтын
ауыл тұрғындарының. Елдос Есенбол сабақтайды.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі
03.04.2026, 20:14