Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығын бірлесе нығайтады
Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығы саласындағы байланысты нығайтуға басымдық беруді көздеп отыр. Агросектордағы бірлескен жобаларға ендігі жерде жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Әсіресе бидай мен ет-сүт өнімдерін өңдеу мәселесі өзекті. Жалпы, аталған бағытты тиімді дамытуда екі мемлекеттің де жеткілікті ресурстары бар. Өңдеуші кәсіпорындар мен кадрлық әлеуеті де жоғары. Қос мемлекет өз мүмкіндіктерін біріктіру арқылы аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Мұнан бөлек бауырлас елдердің әлемдік нарықтағы орны да нығая түспек.
Иброхим Абдурахмонов, Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі:
Түркістан облысында 8 мың бас ірі қара мал өсіретін ферма жұмыс істей бастады. Бұл - екі ел бірлесіп қолға алған алғашқы жобалардың бірі. Мұндағы мал басын 20 мыңға жеткізу жоспары бар. Мақсат - халықты азық-түлікпен тиімді қамтамасыз ету. Келешекте ірі қара малдың етін қайта өңдеп, сыртқа экспорттауды да бірге жүзеге асырамыз.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03