Ташкент әлемдегі ауасы ең лас 10 қаланың қатарына кірді
Өзбекстанда ауаға лас қалдықты шамадан тыс көп шығарғаны үшін 100-ден аса кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Арасында құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар да бар. 60-қа тарта жылыжайға айыппұл салынды. Осы аптада ел астанасы Ташкент атмосфераның ластығы бойынша әлемдегі ірі қалалар арасында алғашқы ондықтан көрінді. IQAir компаниясының мәліметінше, ауа сапасының индексі 212-ге жеткен, бұл «денсаулық үшін өте зиянды» мөлшер. Мамандар халыққа далада жүргенде арнайы сүзгісі бар бетперде киюге кеңес береді.
Зикрилла Алимов, Қоршаған ортаны және табиғатты қорғау ҒЗИ зертхана басшысы:
Ауаның ластануына зауыттар мен автокөлік түтіні, орман өрттері мен шаңды дауылдар себеп болып отыр. Энергия өндіруші жүйелер, жылу орталықтарынан шығатын түтін, тұрмыстық қалдықтарды өртеу тағы бар. Бұл процестер ауаның құрамында зиянды газдардың артуына алып келеді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28