Астанада алғаш рет кәсіпкер әйелдердің ұлттық слеті өтті
Астанада алғаш рет кәсіпкер әйелдердің ұлттық слеті өтті. Жиынға ауыл-аймақта бизнеспен айналысып жатқан қыз-келіншектер қатысты. Қазір 1 млн-нан аса бұрымды экономиканың сан саласында жемісті жұмыс істеп жатыр. Ресми статистика бойынша, қазір бизнестегі әйелдердің үлесі 48 пайыздан асады. Жыл сайын кәсіппен шұғылдануға ынталы жандардың қатары көбейіп келеді. Бүгінгі слеттің мақсаты - соларды сүйемелдеу. Жиын барысында бизнесті қаржыландыру, кәсіпкерлік бастамаларды бір орталыққа шоғырландыру және бизнесті цирфландыру тақырыбында панельдік сессиялар болды. Сондай-ақ, іскер қыз-келіншектер марапатталды.
Ләйлә Ескендірқызы, «Атамекен» ҰКП әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрайымы:
Қазір 48 проценттей кәсіпкер әйел бар. Олар өте белсенді. Ең бірінші мақсатымыз – сол әйелдерге көмектесу. Олардың бизнесін дамыту. Осы форумды жыл сайын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.
Гүлбаршын Айдарханова, кәсіпкер:
Мен кәсіпкер болып 29 жыл жұмыс жасап келе жатырмын. Медицина жағынан 3 мектебіміз бар. Бір балабақша, балаларды сауықтыру орталықтары бар және гемодиалез орталықтарын аудандарда ашқанмын. Қазіргі кезде 420 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03