Түркістандағы өрт: Барлық жедел қызмет өрттің себебін анықтауға жұмылдырылды
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза тапқан әулет мүшелерін жерлеу рәсімі өтті.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Таңертең 5:58-де «101» қызметіне түскен хабарламадан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше үйдің іші және шатыры толық жанып кеткен. 360 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Аман қалған 2 ересек пен 1 бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде. Жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Сондай-ақ бүгін қаза тапқан отбасы мүшелерінің жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс жүргізіп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда, тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиғаға қатысты барлық жедел топтың жұмысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар бүгін осы жағдайға байланысты аудан әкімдігінде арнайы құрылған штабтың отырысы болды. Төтенше жағдайдың себеп салдары анықталуда. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде. Әзірге бар ақпарат осы.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02