Басты Жаңалықтар Өрттен қаза тапқандардың жақындарына көмек көрсетіледі

Өрттен қаза тапқандардың жақындарына көмек көрсетіледі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына барып, өрттен қайтыс болған отбасының жақындарына көңіл айтты. Оқиға болған үйді көріп, құзырлы орган басшылары мен жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ аудандық ауруханаға барып, өрттен аман қалған тұрғындардың жай-күйімен танысты. Оларға Президент тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылғанын, зардап шеккендерге тиісті көмектер берілетінін жеткізді. Қазір барлық жауапты органдар оқиғаның нақты себептерін анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Аймақ басшысы марқұмдардың жаназасына қатысып, облыс әкімдігі тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілетінін жеткізді.

Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Ауруханада, моргтағы жұмыстарына көмектесіп жатырмыз. Одан басқа қазір әлеуметтік жағынан көмек көрсетеміз. Бүкіл қандай шығындары бар - көтереміз. Үйге қатысты, үйі өртенген. Оны да біз қарастырамыз. Денсаулық министрлігі Жетісай ауруханасымен байланыста. Қажет болса, санавиация ұйымдастырылады, министрлік, барлығы байланыста. 


Бөлісу