Меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды
Ақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Сенат депутаттарының қатысуымен, «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында кездесу өтті.
Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 23-сессиясында жүктеген тапсырмаларының аймақта іске асуы мен алда атқарылатын жұмыстар талқыланды. Кездесу соңында өңірлік Ассамблея қызметіне белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Шара одан әрі «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттарын құттықтау рәсімімен жалғасты. Салтанатты жиында қайырымдылық шараларына белсене атсалысатын, атымтай жомарт жандарға құрмет көрсетілді.
Хитеш Чандра Вадодария, үнді этномәдени бірлестігінің жетекшісі:
Бұл награданың біз үшін маңызы зор. Қазақта «Жақсылық жасап жарыс» дейтін аталы сөз бар. Үнді этномәдени бірлестігі осы нақылды берік ұстанған. Қазір Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен мұғалім, инженер, дәрігерлер үшін көптеген бағдарлама жүзеге асып келеді. Мыңдаған қазақстандық үнді елінде біліктіліктерін арттырды.
Алишер Сатыбалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
«Қайырымдылық керуенінің» аясында жомарт жандардың атқарып жатқан жұмысын көрдік. Өткен жылы еліміздің 20 өңірін су алған кезеңде олардың жұмысын көрдік. Ассамблеялықтар ең алдыңғылардың қатарында болып, сол жерде жүректен-жүрекке деп, акция өткізу кезінде басы-қасында болды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02