Түркістандағы өрт: Тергеу ісі жалғасып жатыр
Жетісай ауданындағы жекe үйде 12 адамның өмірін қиған өртке байланысты тергеу жалғасып жатыр. Оқиға орнында Өртке қарсы қызмет комитеті мен Тергеу басқармасының басшылық құрамынан құрылған жедел топ жұмыс істеуде.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы мына жеке үйдегі оқыс жағдай бойынша өрттің себептерін тергеп-тексеру үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Оқиға орнында қабылданып жатқан жедел шаралар туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және басқа да лауазымды жауапты тұлғалар баяндама жасады. Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуде. Вице-премьер Қанат Бозымбаев комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді.
Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары:
Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында болып отыр. Қазір қандай мәселелер болып жатса, соның бәрін қамтамасыз ету үшін осы жерде жүрміз.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Құтқарушылар келген сәтте зардап шеккендердің бірі - 1986 жылы туған азамат үйден өзі шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, денесінің 12%-ын күйік шалған. Тағы екі зардап шегуші 1991 және 2018 жылы туған азаматтар да 30% және 11% дене күйігімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір олар арнайы аппаратқа қосылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03