Үкімет халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бағдарламаны қарайды
Дәл қазір Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтіп жатыр. Сол жиынды әріптесім Азамат Бейбітұлы тыңдап, қазір бізге тікелей байланыста хабар таратқалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Ал, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл қайғылы оқиғада қылмыстық құрам жоқ деді. Бірақ, «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сондай-ақ, Үкімет басшысы елдегі эпидемиологиялық бақылауды тұрақтандыру бағытындағы шаралар қабылдауды тапсырды. Және де дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін ерекше назарға алу қажеттігін ескертті. Жалпы, бүгін күн тәртібінде макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесі қаралып жатыр. Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасап, биылғы жылдың 10 айында экономиканың өсуі 6,4 пайызға жеткенін айтты. Сондай-ақ, енді Экономикалық өсудің проактивті саясатын іске асыру үшін «Бәйтерек» Холдингінің рөлі күшейтілетін болатыны белгілі болды. Бұдан бөлек қазір, банктер мен жалпы несие туралы да айтылады. Ол жайлы ақпараттарды алдағы эфирде тарқатып айтамын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00