Басты Жаңалықтар Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

Ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты былтырғыдан 4 млрд 700 миллион долларға дейін өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Соның арқасында тозығы жеткен тракторлардың үлесі 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді. Президент саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Өсім 5,4 пайыз болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш. Азық-түлік өнімділігі 9 пайызға өсіп, 3,1 триллионға жетті. Егін жинау сәтті аяқталды. 27 тонна қамбаға құйылды.
 

Бөлісу