Басты Жаңалықтар Министр: Жаңа жыл қарсаңында жаппай қымбатшылық болмайды

Министр: Жаңа жыл қарсаңында жаппай қымбатшылық болмайды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік бағасы өсе ме? Үкіметте өткен брифингте журналистер Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринға осылай деп сұрақ қойды. Министрдің айтуынша, мереке жақындай түскенде белгілі бір тауарлар қымбаттауы мүмкін. Бірақ азық-түлік бағасында жаппай өсу болмайды. Сондай-ақ Серік Жұманғарин брифингте картоп бағасы бір айда 4,5 пайызға қымбаттап, 180 теңгеге жеткенін және бұл жоғары өсім еместігін атап өтті. «Егер ішкі нарықта мәселе туындаса, картоп экспортына тыйым салынбақ. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасында өзгеріс болмайды», -  деді министр.

Серік Жұманғарин, Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі:

Қазір баға тұрақтандырылды. Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы қатты өспейді. Өткен айда тұрақты болды. Қазір екі аптаның ішінде өсуі 0,1 процент.
Ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшері 20 пайызға дейін төмендейді.

Жалпы, бүгін Үкімет отырысында халықтың табысын инфляциядан қорғаудың 3 жылдық бағдарламасы қабылданды.  Биыл кепілді тұтынушылық кредиттер, оның ішінде автокредиттер биыл 9 айда 32 пайызға өсіп, 4 трлн 800 млрд теңге болды. Ал ипотекалық кредиттер жыл басынан бері 10,4 пайызға  артқан. Келер жылдың шілде айынан бастап ипотека бойынша жылдық пайызы  25-тен 20 пайызға дейін төмендетіледі. Сондай-ақ азаматтардың несиелерін коллекторларға сатуға мораторий 2027 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылмақ.

Бөлісу