Басты Жаңалықтар Елімізде 1469 сынып онлайн оқуға көшірілді

Елімізде 1469 сынып онлайн оқуға көшірілді

Елде 132 мектепте мың жарымдай сынып онлайн оқуға көшірілді. Бұл туралы Орталық коммунациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жамбыл облысында 600-дей, Абай облысында 300-ге жуық, Қостанай, Астана, Шығыс Қазақстанда 200-ге жуық сынып карантинге жабылды.  Айта кетсек, вирус жұқтырған балалардың саны 30 пайыздан асса, сынып онлайн оқуға көшіріледі. Ал тұтас мектепті карантинге жабу туралы аймақтың бас санитариялық дәрігері жағдайды зерделей келе шешім шығара алады.

Сархат Бейсенова, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Қыркүйек айынан бастап апта сайын мониторинг жүргіземіз. Бүгіннен бастап күн сайын жүргіземіз. Келесі аптада бір жарым есе  аурушаңдық өсімі болса, аймақтың бас санитариялық дәрігерлері шешім қабылдай алады.
              

Бөлісу