Оқушылар арасында экологиялық жобалар байқауы өтті
Ақмола облысының Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Project Fest» экологиялық жобалар байқауы өтті.
Оған мектеп оқушылары қатысып, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жобаларын ұсынды. Балалар өз елді мекендеріндегі өзекті экологиялық мәселелерді зерттеп, қоқысты бөлек жинаудың, ауылды көгалдандырудың маңыздылығына назар аударды және экологиялық таза технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстарын айтты. Одан соң байқауға атсалысқан барлық оқушы тазалық акциясына қатысты. Жалпы, жыл басынан аудан бойынша бір мыңнан аса экологиялық сенбіліктер өткізіліп, 9 мың тоннадан аса қоқыс шығарылған.
Артём Краснов, оқушы:
Бұл акцияға қатысу арқылы планетамызды қоқыстан тазартуға өз үлесімді қосқым келеді. Осындай тазалық шаралары арқылы орманымыз тазара түспек. Акцияларға адамдардың неғұрлым көп қатысқаны дұрыс деп ойлаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02