Жамбыл облысында 3,5 трлн теңгенің жобалары жүзеге асады
- Жамбыл облысының инвестициялық портфелі ұлғайып, инновациялық әлеуеті артып келеді. Соның арқасында өнеркәсіп орындары өнім өндіруде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл 10 айда шығарылған өнім құны 1 трлн теңгеден асты. Дәл осы аралықта аймаққа 553 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Өңірді өркендетуге келген кәсіпкерлер тағы қандай жобаларды жүзеге асырды?
- Аймақта алғаш рет Айша бибі ауылы маңында жасыл энергия өндірудің тың технологиясы жүзеге асып жатыр. Елді мекенде бу мен газдан қуат көзін өндіретін ерекше зауыт құрылысы басталды. Қуаты 200 МВт болатын инвестициялық жоба құны - 240 млн доллар. Жылына 1,5 млрд КВт\сағат электр энергиясын өндіреді. Алғашқы кезеңі келесі жылы іске қосылады.
- Сержан Әлімов, «Gasenergy QZ» ЖШС директоры:
- Бұл - жаңа технология. Тіпті Қытайдың өзінде мұндай технология енді шығып жатыр. Алғашқы кезеңде 50 мегаватт қосамыз. Бірінші қадамға 30 млрд теңге, екінші қадамға 100 млрд теңге болады. 200 адам жұмыс істейді.
- Аймақта құс шаруашылығымен айналысатын енді алып үш кәсіпорын бар. Таразда 20 млрд теңге жуық инвестициялық қаржыға құс етін өңдейтін ірі кәсіпорын ашылды. Жылына 70 мың тонна ет шығарады. «Алель Агро» акционерлік қоғамы өз өнімін ел нарығынан бөлек, әлемнің 8 мемлекетіне экспорттайды.
- Жамбылда алдағы 2 жылда 3,5 трлн теңгенің 62 ірі инвестициялық жобасы жүзеге асады. Биылғы он айдың өзінде 553 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өңір экономикасы 10,3% өскен.
- Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
- Біз 62-нің 26 инвестициялық жобасын іске асыруды бастап кеттік. Ірі зауыттарды соғып жатырмыз. Яғни, осы жылдың аяғына дейін және 2-3 жылдың ішінде тағы 36 ірі индустриялды үлкен жобалар іске қосамыз деген жоспар бар.
- Бұдан бөлек Шу ауданында жылына 3 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынып жатыр. Биыл сәуірде басталған жоба 80% аяқталған. 1,5 млрд доллар инвестиция құйылған.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20