Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15 млрд теңге бағытталды
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 11,5 млрд теңге жетті. Оған іргелі 6 жоба іске асырылып жатыр. Мәселен, келер жылдан бастап өңір өңделген сүт өнімдерімен өзін-өзі қамтиды.
Ақтөбе - өндірісі өркендеген өңір. Әсіресе, агросалада тындырымды тірлік бар. Осы жылы жалпы құны 7,5 млрд теңге тұратын сүт-фермасы салынып, бірінші кезеңі іске қосылды. Зауыт толық қуатына көшкенде сүтке деген сұраныстың 90 пайызын өңірдің өзі жабады.
Бақытжан Ботбаев, кәсіпкер:
Бүгінгі таңда Дания мемлекетінен 495 бас асыл тұқымды мал алып келдік. Келесі жылға жоспар тағы да 800 басқа кеңейту. Жылына 33 мың тонна сүт өндіреміз.
Биыл диқандарға қолдау молдау болды. Оларға 5 пайызбен 6 млрд теңгеге жуық жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде, шаруалар егін маусымыннан шығынсыз шықты. Диқандар 554 мың тонна өнім жинап, былтырғы нәтижені жаңартты.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
Ауыл шаруашылығы бойынша. Биыл осы салаға 15 млрд теңге қаражат бөлінді. Көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында оң динамика сақталуда, осы жылдың 10 айында 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді.
Биыл бизнеске бастауға ынталы азаматтар да қолдаусыз қалған жоқ. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 16,4 млрд теңгеге 2800-ден аса жоба қаржыландырылған.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16