Өзбекстанда да тұмау өршіп тұр
Маусымдық тұмау індеті көршілес Өзбекстанда да кең таралды. Жұқпалы дерт әсіресе балалар арасында белең алған. Дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мектептер мен балабақшаларда тексеру жүргізуге кіріскен. Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша түрлі шаралар қолға алынды. Ата-аналар мен мұғалімдерге ауру белгілері байқалған жеткіншекті сабаққа жібермеу туралы ескерту таратылды. Ел бойынша «Онлайн-дәрігер» кеңес беру жүйесі енгізіліп, науқастарға шұғыл жәрдем беру жайы ұйымдастырылған. Мамандар иммунитетті көтеру үшін вакцина алу қажеттігін де еске салып отыр.
Умида Иульчиева, дәрігер:
Стационарларда қосымша орындар ашылды. Вирусқа қарсы дәрі- дәрмек жеткілікті мөлшерде. Қажет болған жағдайда жылжымалы мобильді бригадалар ұйымдастыру ісі жолға қойылып жатыр.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17