Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан 7-орында
Сауд Арабиясының
астанасы Эр-Рияда өтіп жатқан алтыншы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір
күміс және қола жүлде түсті. Семсерлесуден София Актаева күміс жүлде алды. Ал
53 келіде әйелдер күресінде сынға түскен Зейнеп Баянова қола жүлде үшін болған
белдесуде тәжік қызын айқын басымдықпен ұтты. Зейнептің бұл ойындардағы алғашқы
жүлдесі. Сонымен қатар гандболшы қыздарымызда финалға жолдама алды. Жартылай
финалда өткен тартысты бәсекеде олар Иран құрамасынан 29 да 26 есебімен жеңді.
Ертең өтетін шешуші кезеңде отандастарымыз Түркия құрамасымен кездеседі. Байрақты бәсеке де ертең аяқталды. Әзірге
спортшыларымыз 43 медаль еншілеп, жалпы есепте 7 орында тұр.
София Актаева,
Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері:
Асығыстық жасадым. Соның салдарынан қолда тұрған жеңістен айрылып қалдым. Қатты өкінім тұрған жоқпын. Күміс жүлде де мен үшін үлкен жетістік болды. Алда басқа да жарыстарға дайындықты жалғастыра беремін.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00