ШҚО-дағы Марқакөл ауданы интернетпен қамтылады
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Марқакөл ауданының елді мекендері келер жылы толық сапалы интернетпен қамтылады. Халыққа есеп берген өңір әкімі осылай деді. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, бүгінде ауданның 9 ауылында ұялы байланыс бар, ал қалғандарын қосу үшін қазір байланыс операторларымен тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Бұған дейін шекара шебінде орналасқан ауылдарда мыңнан астам тұрғын байланыссыз қалып, жедел жәрдемге хабарласа алмай, онлайн қызметтердің игілігін көре алмай отыр деген ақпарат тараған еді.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Бүгінгі күні Марқакөл ауданында 9 ауылда бар. 6 ауыл бойынша Altel, Beeline компанияларымен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мектептерде Starlink қондырғылары орнатылып, олар бойынша сұрақ жоқ. Ал ауыл тұрғындары бойынша, ауылдарға апаратын республикалық жолдар бойынша тиісті жұмыстарды министрлік тарапынан, өзіміз тарапымыздан жүргізіп жатырмыз. 2027 жылға дейін осы мәселе толықтай шешіледі.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17