Абай облысында жел электр станциялары салынады
Абай облысында Қытай инвесторларының қаржыландыруымен қуатты жел электр станциясы салынбақ. Қуаты 1 ГигаВатт болатын жел станциясын құру туралы облыс әкімшілігі мен инвесторлар арасында меморандумға қол қойылды. Қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде қолға алынатын жобаның жоспарланған жалпы инвестиция көлемі 880 миллион АҚШ доллары. Жоспар іске асқан жағдайда аймақтың энергетикалық инфрақұрылымы жаңарып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Әкімдік тарапынан жер учаскелерін бөлу, рұқсат беру рәсімдерін жеделдету және қажетті әкімшілік қолдау көрсетілмек. Баламалы энергия станциясының құрылысы 5 жылға созылады деп жоспарланып отыр.
Ян Суоцзюнь, «Чжунвэй Синнэн» технологиялық компаниясының бас директоры:
Барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін 2027 жылы жұмысты бастаймыз. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін біздің станция шамамен 9 миллион КВт энергия өндіреді. Бұл көмірқышқыл газының ауада таралуын азайтуға мүмкіндік бермек. Шамамен 2 млн тонна көмір қышқыл газының шығарылуын болдырмайды.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17