Щучинск қаласында көпфункционалды спорт кешені ашылды
Ақмола облысының Щучинск қаласында көпфункционалды спорт кешені ашылды. Онда 500-ге тарта адам күрестің бірнеше түрімен – бокс, үстел теннисі, суға жүзумен айналыса алады. Сондай-ақ футбол, волейбол және баскетбол залдары бар. Жалпы, жыл басынан өңірде 7 спорт нысаны пайдалануға берілді, 31 спорт алаңы салынды. Оның сыртында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, 4-і жыл соңына дейін тапсырылады. Ал курортты қалашықтағы алғашқы спорт сарайының салынғанына әсіресе балалар қуанышты. Себебі осыған дейін олар жеке спорт залдарында жаттығып келген.
Әнел Шоқаева, еркін күрестен республикалық жастар ойындарының жеңімпазы:
Біздің кезде ондай болған жоқ. Қазіргі таңда салынып жатыр. Өте керемет, әсем, ішінде бассейні бар. Бұрын болмаған спорт секциясын да салып жатыр. Жүзу, дзюдо, грек-рим - бізде ондай спорттар болмаған, енді енгізіп жатыр. Осындай спорт кешенінде жаттығу жасағаннан үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16