Ақмола облысында «Халықтың сүйіктісі – 2025» сыйлығының иегері анықталды
Ақмолалық анестезиолог-реаниматолог дәрігер Индира Сарыбаева «Халықтың сүйіктісі – 2025» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
Жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде 15 жылдан
бері еңбек етіп келе жатқан ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның
Сеул қаласында білім алған. Сол тәжірибесінің арқасында талай жанды өлімнен
арашалап қалып, халыққа қалтықысыз қызмет етіп келе жатқан білікті дәрігер
нағыз еңбек адамының үлгісін көрсетіп келеді.
Индира Сарыбаева, облыстық көпсалалық аурухананың жансақтау және
қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі:
Біз қарқынды терапия, оның ішінде нейрожарақат алғандарды емдеу бойынша тың тәжірибелерді өз жұмысымызға енгізіп отырмыз. Нәтижелер жаман емес. Қазір бөлімшемізде 8 науқас ем алып жатыр. Бізге аса ауыр халдегі науқастар түсетіндіктен, қандай жағдайға болмасын дайын отыруымыз керек.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02