Экономист: Оңтүстік Кавказ елдерімен сауда еселеп артады
Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі, Қазақстанның Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс елдерімен байланысын нығайтады. Экономист сарапшылар осылай деп отыр. Жаңа логистикалық маршруттардың пайда болуы, сондай-ақ Армения Премьер-министрінің елімізге сапары барысындағы келісімдер екеуара ғана емес, тұтас өңірдегі жағдайды өзгертеді дейді олар.
Жанар Ғабдуллина, ҚСЗИ директорының орынбасары:
2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 82 млн АҚШ долларын құраса, бүгінгі таңда біздің болжам бойынша бұл экспорттың әлеуеті 350 млн-ға дейін баруы мүмкін. Көрікті мысал деп айтсақ болады. Ол деген 30 жылда бірінші рет Қазақстаннан Әзербайжан арқылы Арменияға бидайдың жеткізілуі. Таяу Шығысқа Қазақстанның тауарларының жеткізілуіне бірден бір үлес қосатынына және де ара қатынасымызды нығайтатынын факторлардың бірі десек болады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16