Атырауда 11 мың оқушыға тұмау жұққан
Атырауда 11 мың оқушы тұмау жұқтырған. Эпидахуал әлі де өршіп тұр. Емханаларда күніне 100-ден аса адам қабылдау бөліміне жүгінеді. Бұл өткен аймен салыстырғанда екі есе көп, дейді мамандар. Аурудың көбеюіне байланысты емханалар мен ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Фильтр кабинеттерінің жұмысы 18:00-ден 20:00-ге дейін ұзартылған. Демалыс күндері де осылай. Тұмауға қатысты шағыммен көбіне 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға шақырту түскен. Соңғы бір аптада тұмаумен 732 адам тіркелсе, оның 634-і бала. Қазір инфекциялық аурухана лық толы. 111 бала мен 53 жүкті әйел ем қабылдауда. Тағы резервтік 100 төсек орын дайындалған.
Наргүл Ғайнетова, №2 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:
Учаскелік дәрігерлер мен фельдшерлерге көп күш түсуде. Таңертеңнен кешке дейін қабылдау және үйге шақыртуларға үлгермей жатыр. Сондықтан учаскелік дәрігерлердің үлгермеуіне байланысты және халықтан шағым көп болуына байланысты қосымша екі мобильдік топ қостық.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17