Трамп Ресейге 500 пайыздық импорттық баж салығын енгізбекші
Трамп Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын мақұлдады. Экономикалық шектеулер бүгіннен бастап күшіне енді. Құжат 500 пайыздық импорттық баж салығын енгізуді көздейді. Бұдан бөлек, іргелес елдің алпауыт мұнай компаниялары да санкцияға ілікті.
Өткен аптада ресейлік Urals мұнайының құны құлдырап кетті, барреліне 23,52 доллардан саудаланды. Жоспар бойынша қара алтын шамамен барреліне 67 доллардан сатылуы тиіс еді. Бұл мұнайдың ең ірі тұтынушысы Үндістан еді, 80 пайызға жуығы сол елге жөнелтілетін. Бүгіннен бастап Үндістан АҚШ санкциялары аясында Ресей мұнайын сатып алуды қысқарттты.
Марсель Салихов, РФ Энергетика және қаржы институтының президенті:
Қазірдің өзінде Ресейдің мұнайын тасымалдайтын жүздеген танкер санкциялық тізімге іліккен. Осыған дейін де бұл салада шектеулер болған. Бұл дегеніміз санкциялық флотпен жеткізетін елдерге мұнай қымбатқа түседі деген сөз.Трамптың мәлімдемесінен соң Ресейдің ірі алпауыт газ компаниясының акциялары 20 пайызға дейін арзандады. «Роснефть» акциясының 10% жоғалтты. 2025 жылы Ресейдің мұнай-газдан бюджетке түсетін кірісі бастапқы болжаммен салыстырғанда 24%-ға төмендеді. Бюджет тапшылығы 4.2 трлн рубльге жетті.
Александр Габрахимов, зауыт қызметкері:
Санкция ірі, шағын бизнес болсын бәрімізге әсер етті. Қайтадан бәрін жаңадан бастауға тура келді. Кейбір тауарды, шикізатты үшінші елдер арқылы жеткіземіз. Сондықтан біз де бағаны өсіреміз. Себебі барлық техника шетелден әкелінеді.Рубль құлдыраса, инфляция жайлап, салмақ тағы кәсіпкерлерге түседі. Бір жылда Ресейде 110 мың ірі кәсіпорын жабылған. Бизнес өкілдері логистика бұзылғанын айтады.
Олег Владин, кәсіпорын басшысы:
Еуропамен байланысты үздік. Қазір жақын мемлекеттерге тауар жеткізіп жатырмыз. Бірақ өндіріс күші бұрынғыдай емес. Қажетті техниканы да жеткізе алмайсың. Бұл бизнеске кері әсерін тигізеді.Мамандар сакнция жалғаса берсе, Ресейдің мұнай саласы стагнацияғы ұшырайтын күн алыс емес дейді. Оған қоса, ірі инвестициялық жобалар енді жүзеге асырылмайды. Бүгінде Ресейге қарсы 30 мың 159 санкция салынған. Экономистер жыл соңына дейін АҚШ валютасы өсіп, бір доллар 110 рубльге жететінін айтады.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16