Жамбыл облысында 6 мыңнан аса жұмыс орны ашылады
Еліміз бойынша кальцийленген сода өндіретін алғашқы зауыт Жамбыл облысы Сарысу ауданында салынып жатыр. Кәсіпорын жылына 500 мың тонна өнім шығарады. Ал екінші кезеңінде қуаттылығын 2 есе арттырмақ. Бірегей жобаға түркиялық инвестор 800 млн доллар салған. Бүгінде құрылыс қарқын алып, 50%-ға аяқталды. Кәсіпорын келесі жылдың күзінде ашылады. Жалпы Жамбылда Президенттің инвесторларды көптеп тарту туралы тапсырмасы жүйелі жүріп жатыр. Аймақта алдағы 4 жылда 62 инвестициялық жоба іске аспақ. Нәтижесінде 6 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Қазір өңірде шетелдіктердің қаржысына 26 зауыттың құрылысы жүріп жатыр.
Юсуф Джейлан, «Qazaq soda» ЖШС директоры:
Өндіріс орны ашылысымен 400 адам жұмыс істейтін болады. Біз Қазақстан нарығын толық қамтып қана қоймай, экспортқа шығарамыз. Ал бүгінде жұмысшыларды жатын жермен қамту үшін арнайы қалашық салып жатырмыз. Біз ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмысқа аламыз. Бізге қолайлы инвестициялық дәліз ұсынған ел Үкіметі мен аймақ әкімдігіне рахмет.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04