Елімізде 80-нен астам эстониялық компания жұмыс істейді
Эстония президенті Алар Карис Астанаға келді.
Эстония порттары арқылы Еуропаға астық экспортын арттыру жоспары бар. Балтық теңізіндегі айлақтар жеңілдікпен қызмет ұсынады.
Эстония - Балтық теңізінің жағалауындағы шағын ел. Халық саны 1 млн 300 мыңнан сәл асады. Кеңес Одағының оккупациясынан кейін империя ыдыраған соң посткеңестік елдердің ішінде алға суырылып шыққан мемлекет. Қазір Еуроодақтың мүшесі. Экономикасы қызмет көрсету мен өндіріске арқа сүйейді.
2005 жылдан бері Эстонияның Қазақстанға құйған қаржысы 128 миллион доллардан асты. Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания жұмыс істейді. Бұл аз. Екі ел арасындағы сауда-саттық та анау айтқандай емес. Биылғы 9 айда 46 млн долларға сауда жасалды. Соны көбейтуге ынта бар.
Биыл Балтық теңізіндегі порттар арқылы еліміз 200 мың тонна дәнді-дақыл тасымалдаған. Оның негізгі бөлігі Италия мен Бельгияға жеткізілді. Алдағы уақытта Эстония арқылы тасымалды 10 есе арттыру жоспарланып отыр.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03