Зейнетақы жинағымен ипотека жабу: Министрлік қандай өзгеріс ұсынды?
Үкімет есептелген елдің әл-ауқатын арттыруға арналған бағдарламасында ипотекалық несиеге де тоқталған.
2026 жылғы шілдеден ипотекалық кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25-тен 20%-ға дейін төмендетіледі. Ал ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарнаға қарай әркелкі белгіленуі мүмкін.
Қаржы нарығын реттеу агенттігін басқаратын М. Әбілқасымованың айтуынша, сөзбе-сөз келтірейік: «Бастапқы жарнаңыз неғұрлым көп болса, алатын несиеңіз соғұрлым азырақ шығады. Сәйкесінше, пайыздық мөлшерлемені де барынша төмендету мүмкіндігі бар. Басқаша айтқанда, енді 25% деген жалғыз мөлшерлеме болмайды. Адамдарды бастапқы жарнаны көбірек салуға ынталандыруға күш саламыз».
Сонымен бірге жинақталып жатқан зейнетақыдан пайыздық мөлшерлемені төлеуге байланысты өзгерістер енуі мүмкін. Дәлірегі: шектеу. «Бұл дұрыс, негізгі қарызды жапқан маңыздырақ», «Жоқ, дұрыс емес, ай сайынғы төлемді жауып жүргендерге қиын» деген пікірлер бар.
Ал мақсат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақшаны қарқынды шешіп алуды қысқарту ғана болса, онда ешқандай да адам қамын ойлау емес.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15