Өскеменде полиция қызметкерлеріне автокөлік табыс етілді
Шығыс Қазақстан облысындағы полиция қызметкерлеріне 198 қызметтік автокөлік берілді. Соңғы үлгідегі құрылғылармен толық жабдықталған көліктер патрульдік бөлімшелер, жедел-тергеу топтары және аудандық полиция бөлімдеріне табысталды. Былтырдан бері бұл салаға облыс басшылығы тарапынан үздіксіз көмек беріліп келеді. Нәтижесінде соңғы тоғыз айда аса ауыр қылмыс 55, ауыр емес қылмыс 11,5%-ға азайды. Қарақшылық, ұрлық, пәтер тонау және көлік ұрлығы да төмендеген.Дегенмен жол аймақта жол апаты әлі азаймай тұр.Биыл жолдағы оқыс оқиға былтырғыға қарағанда 37 пайызға артқан. Сондықтан қызметтік жаңа автокөліктердің басым бөлігі патрульдік полцияға берілмек.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Жаңа темір тұлпарлар бұл қызметтің, қауіпсіздіктің сапасын жаңа деңгейге көтерері хақ. 2023 жылы 136 автокөлік қолданысқа берілсе, бүгін 190-нан астам кілт табыстаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Түркияда 2027 жылы Айды зерттеуге ғарыштық аппарат ұшырылады
15.09.2026, 19:55