Талдықорғанда Fab-Lab инновациялық зертхана ашылды
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде заманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды. Жоба «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асып отыр. Fab-Lab-әлемнің жетекші оқу орындары қолданатын заманауи цифрлық өндіріс зертханасы. Енді Талдықорғандық студенттер робототехника, 3D модельдеу және жасанды интеллект бағыттары бойынша білім алады. Инновациялық зертхана білімгерлердің инженерлік қабілетін дамытып, жаңа жобаларды әзірлеуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде студенттер дрон құрап, робот жасауды меңгеріп алған.
Әли Алмасұлы, студент:
Бұл – Fusion 360 бағдарламасы. Осы арқылы біз күрделі эскиздар жасап, күрделі бөлшектерді жасай аламыз. Оларды біз осылай сызып, принтерға жүктейміз. Көріп тұрғандарыңыздай әрбір см, мм осы Fusion 360-тан шығара аламыз.
Шыңғыс Нұрғожаев, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры:
Fab-Lab зертханасы студенттерге жаңа идея туындаған сәттен бастап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Fab-Lab зертханаларының жүйесіне алты кабинет, яғни үш бағыттағы алты зертхана кіріп отыр. Біріншісі робототехника бағыты, екіншісі 3D модельдеу бағыты және үшіншісі жасанды интеллект бағыты. Осының бәрін біріктіретін электроника бағыты.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17