Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері марапатталды
Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің 73 қызметкері марапатталды.
«Еңбек адамы» аталымы бойынша агроном, ветеринар, механизатор мен даяшы сияқты 17 қызметкер 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды, ал жетеуіне «КИА Спортэдж» маркалы автокөліктердің кілттері табысталды.
Биыл ақмолалық диқандардың еңбегінің арқасында 7,6 млн тонна көлемінде рекордтық деңгейде астық жиналды. Мал шаруашылығы саласында да тұрақты оң динамика байқалады. Биыл 168 мың тонна ет, 6 мың тоннадан астам сүт, 574 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, сүт, сүт өнімдері фермаларын құру және кеңейту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, бүгінде 963 млрд теңгенің 86 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Азамат Жақыпов, мал дәрігері:
Өзім ауылдың азаматы болған соң, кішкентайымнан малға жақын боп өстім. Сондықтан ветеринар болып, малды емдеймін деп шештім. Міне 15 жыл болды, Қорғалжын ауданында ветеринар болып еңбек етіп жүрмін. Менің қарамағымда 8 ауыл бар. Бүгінде «Еңбек адамы» деп, өз ісін адал,әрі жауапкершілікпен атқарып жүрген азаматтарға көп көңіл бөлініп, еңбектері насихатталып жатқаны қуантады . Әйтпесе, интернетте арзан атақ, жеңіл ақшаға еліктіріп жүргендер көп. Сондықтан маңдай терін төгіп жүрген нағыз еңбеккерлері қашан да құрмет көрсетілгені дұрыс деп санаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03