Алматыда «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» атты халықаралық көрме өтті
Алматыда алғаш рет «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» атты халықаралық көрме өтті. Шара өндірістің барлық саласын қамтиды. Іскерлік орта өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталып отыр. Халықаралық көрмеге оннан аса мемлекеттен келген кәсіпкерлер қатысты.Олар ұлттық дәстүр, қолөнермен және мәдени жетістіктерімен танысты. Мәселен, көрменің бір бөлігінде Қытай медицинасының заманауи өнімдері ұсынылды. Дәстүрлі емдік құралдар қазіргі инновациялық технологиялармен үйлескен. Келушілер сауықтыру құралдары мен профилактикалық медициналық жабдықтармен де танысты.
Олег Руденко, қалалық «Атамекен» ӨКП халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы:
Көрменің басты мақсаты – өңірлер арасындағы экономикалық байланысты күшейту, жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашу және халықаралық сауда мен инвестицияны дамыту. Біз осы алаң арқылы кәсіпорындардың бір-бірімен тікелей байланыс орнатып, ортақ жобаларды жүзеге асыруына жағдай жасаймыз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17