Алматыда бір донор 5 адамның өмірін сақтап қалды
Алматыда бір донор бес адамның өмірін құтқарып қалды. Инсультке ұшыраған 50 жастағы әйелдің ағзасы кезек күткен науқастарға салынды. Марқұм жан тапсырған соң туыстары өлімнен кейінгі донорлыққа өз келісімін берген. Осылайша Алматы қалалық кардиология орталығының дәрігерлері 34 жастағы науқасқа алғаш рет жүрек трансплантациясын жасады. Дәрігерлер жүректен бөлек, 15 жастағы қызға – оң жақ бүйрегін, 30 жастағы әйелге - сол жақ бүйрегін, ал екі пациентке қасаң қабығын салды.
Юрий Пя, кардиохирург, Медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Күрделі операция бес сағаттан аса уақытқа жалғасып, орталығымыздың барлық мамандары ат салысты. Науқастың жүрегінде күрделі ақау болған, сондықтан оның өмірін сақтап қалу үшін ағзаны алмастыру өте маңызды еді. Осындай игі іске мүмкіндік бергені үшін марқұмның туыстарына алғысымызды білдіреміз.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28