РФ Омбыда «Уәлиханов оқулары» өтті
Омбыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Уәлиханов оқулары» өтті. Көрнекті қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және дипломат Шоқан Уәлиханов бүгінгі күні де өркениеттер арасындағы диалогтың символы болып қала береді дейді қатысушылар.
Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және басқа да елдердің
жетекші зерттеушілері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері
қатысты. Басты мақсат - Уәлихановтың ғылыми мұрасын жан-жақты зерделеу, оның
Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан орасан
еңбегін насихаттау.
Керім
Қожамбердиев, ҚР Омбы қаласындағы бас консулы:
Мұндағы мақсатымыз біздің – Шоқан Уәлихановтың еңбектері тек XIX ғасыр емес, қазіргі күнде де өте маңызды екенін. Ғылыми еңбектерінің маңыздылығы – екі елдің арасындағы, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы байланыстарды дамытуға өте үлкен үлес қосып отыр деп есептейміз.
Шара аясында XIX ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов білім алған Сібір кадет
корпусында «Ғалым жолы» атты экскурсия өтті. Шоқанның ғылымға қосқан үлесі
орасан. Сондықтан оның еңбегін елеп, әрқашан ескереміз дейді Омбы жұрты.
Торғын Ашенова, «Омбы қазақтары» журналының бас редакторы:
Шоқан Уәлихановтың өмірі Омбымен тікелей байланысты. Сібір кадет корпусына оқуға келген 12 жасар бала 5 тілді меңгеріп, өз достарын тапты. Сондықтан ғалымның мерейтойын өткізуге бас консулдық, Омбы үкіметі, қоғам белсенділері, бәріміз атсалысып жатырмыз.Қазақстан мен Ресейдің мектеп оқушылары арасында өткен «Шоқан Уәлиханов: дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық эссе конкурсының жеңімпаздары да мараптталды.
Қазақстан мен Ресейдің мектеп оқушылары арасында өткен «Шоқан Уәлиханов: дәуірлер
мен ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық эссе конкурсының жеңімпаздары да
мараптталды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03