Алматылық жүргізушілердің көлік салығының қарызы 4,5 млрд теңгеге жетті
Алматыда көлік салығын төлемеген жүргізушілердің қарызы 4,5 миллиард теңгеге жетті. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асатын автокөліктерге тиесілі. Мегаполисте салықтан жалтарғандарды анықтау үшін «Борышкер» шарасы басталды. Құқық бұзушылар «Сергек» камералары арқылы анықталады. Сот орындаушыларының қаулысымен салық қарызы толық өтелмейінше, көліктері айыптұраққа қойылады. Сондықтан мамандар айыптұраққа қойылуы, сот орындаушысының қызмет ақысы сияқты қосымша шығындарды болдырмас үшін жүргізушілерге салықты уақытылы төлеуге кеңес береді.
Құдайберген Сәкенов, қалалық ПД ӘПБ инспекторы:
Алматыда алдағы 3 күнде «Борышкер» рейді өтеді. Шара барысында салық қарызы бар, айыппұлын төлемеген адамдар, көлік жүргізу құқығынан айырылғандар және жалған нөмір таққандар анықталады.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28