Алматыда үздік эко-еріктілер марапатталды
Алматыда үздік эко-еріктілер марапатталды. Олардың қатарында Түрксіб ауданы комьюнити орталығы ұйымдастырған экологиялық шараларға белсенді қатысқан қала тұрғындары бар. Эко жанашырлар күн сайын фандоматқа пластик бөтелкелер жинап, өткізіп отырған. Сөйтіп, бір айда 10 қап пластик бөтелке қайта өңдеу орталығына жіберіліпті. Шара аясында сенбіліктерге жүйелі түрде қатысып, қала тазалығына үлес қосқан еріктілер марапатталды. Экологияны жақсартуға бағытталған бірегей эко жобалар ұсынған жастар да үздік деп танылды. Олар арнайы сыйлықтарға ие болды.
Қадырбек Файзуллаев, Түрксіб ауданы комьюнити орталығының жетекшісі:
Жыл басынан бері 100-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде кездесулер, экоакциялар, сенбіліктер, мастер кластар және де қыздарымыз өздері келіп эко шопперлер өз қолымен жасап, оны трендке енгізді деп айта аламыз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04