Басты Жаңалықтар Бельгиядағы ереуілдің кесірінен әуе рейстері тоқтады

Бельгиядағы ереуілдің кесірінен әуе рейстері тоқтады

Бельгияда мемлекеттік қызметкерлер үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырды. Мұғалімдер, дәрігерлер жұмысқа шықпағандықтан елдің бірқатар мектебінде сабақ болмады. Ауруханаларда жоспарлы операциялар кейінге шегерілген. Тек жедел жәрдем қызметі ғана жұмыс істеп тұр. Елдің Завентем, Шарлеруа әуежайларынан бүгін ешқандай ұшақ ұшып, қонып жатқан жоқ. Барлық әуе рейсі тоқтатылған. Қоғамдық көлік қозғалысы қиындап, қаларалық, халықаралық пойыздардың басым бөлігі жолға шықпады. Мемлекеттік қызметкерлерге жеке сектор өкілдері де қосылып, бүгін бірқатар дүкен, ірі кәсіпорын жұмысын тоқтатты.  «Экономикаға шығын келтіру арқылы ғана биліктегілердің назарын аудара аламыз», дейді қызметкерлер.

Кристоф Боку, кәсіподақ ұйымының вице-президенті:

Жоғарғы оқу орнында білім алу ақысын 42-43 пайызға қымбаттатпақ. Ұстаздардың айлығын қысқартып, жүктемесін көбейтіп жатыр. Баға күннен күнге өсуде. Қымбатшылық қажытып жіберді. Әлеуметтік драма созылып кетті. Осыны үкіметтен шешуді талап етудеміз.


Бөлісу