Түркістанда «Zandy kúlki» жайдарман ойындары өтті
Түркістанда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында республикалық «Zandy kúlki» жайдарман ойындары өтті.
Еліміздің Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған ойында республиканың әр өңірінен іріктелген 12 команда өнер көрсетті. Жас таланттарды таныту мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ұйымдастырылған өнер сайысында командалар әзілінің мазмұны мен тақырыптың өзектілігі бағаланды. Қазылар команда мүшелерінің кәсібилікке ұмтылысы мен шығармашылық ерекшеліктерін жоғары бағалады. Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кубогі табысталды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Көбіне жастар алаяқтыққа ұрынып, түрлі қаржы пирамидалары, дропперлік, осы сынды қаржы алаяқтарының құрбанына айналып отыр. Сол себепті аталған құқықбұзушылықтарды, жалпы аляқтықпен күрес жұмысын жүйелі жүргізу үшін жастардың тілімен, яғни аталған дүниелерді жеткізу үшін біз осындай бір жастар сүйіп көретін көңілді тапқырлар алаңын қолдап отырмыз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02