Ақтөбеде мұғалімдер 4 айдан бері айлық алмаған
Ақтөбеде жеке екі мектепте жұмыс істейтін 741 мұғалім тамыз айынан бері айлық алмаған. Олардың көбі қарызданып, несиелерін төлей алмай жүргендерін айтады. Осы уақыт аралығында ондаған ұстаз амалсыз жұмыс ауыстыруға мәжбүр болыпты. Мәселе неден туындады және ол қалай шешіледі?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл мектеп екі жыл бұрын ашылғанда жарнамасы жер жарған еді. Ата-аналар балаларын осында беруге асықты. Ұстаздар арнайы конкурспен қабылданды. Алайда сол мұғалімдер төрт айдан бері айлық ала алмай жүр.
Бұл еліміздегі ең үлкен білім ордасының бірі. Бір құрылтайшының иелігіндегі екі оқу ғимаратында 9 мыңға жуық оқушы бар. Ұстаздар айлап жалақы алмаса да, өз міндеттерін адал орындап жүргендерін айтады. Алайда кейбірі жұмыстан шығып кеткен.
Нұргүл Төлебаева, мұғалім:
4 айдан бері несиелерімізді төлей алмай жүрміз. Ешқандай банк ондайды кешірмейді. Өте қиын жағдайдамыз.
Гүлмира Жүсіпова, мұғалім:
Өте көп мұғалім жұмыстан шығуға мәжбүр болды. Себебі, күн көре алмай жатыр. Біздің мектептің өзінде 500-ге жуық мұғалім бар. Қазіргі кезде 150-100 мұғалім жұмыстан шықты.
Мұндағы әр бала үшін бюджеттен жылына 570 мың теңге беріледі. Жұмыс берушінің 741 қызметкерге тек екі ай үшін бір жарым млрд теңгеге жуық қарызы бар. Еңбек инспекциясы жалақыны уақытында төлемегені үшін мектеп басшылығына 300 мың теңгеге жуық айыппұл салған.
Ақылбек Зейноллаұлы, облыстық Еңбек инспекциясының бөлім басшысы:
Егер белгіленген мерзімнен кешіктіріліп төлесе әр күнге өсімақы, пениясымен төлеуге міндеттеледі. Егер де қызметкерлерден департаментке еңбек заңнамасын бұзу жөнінде арыз түсірілсе, департамент тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Жауаптылардың айтуынша, көктемнен бастап бұл білім ордалары жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Айлықтың уақытында берілмеуіне қаржы саласына енгізілген жаңа жүйедегі ақау себеп болып отыр. Қазір «Білім класс» және «Е қазына» платформаларын сәйкестендіру жұмысы жүріп жатыр.
Ақкенже Тындыбаева, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
Жасалғаннан кейін платформада счет фактура міндетті түрде қалыптасады. Содан кейін қаржыландыру процесі жүргізілетін болады.
Білім басқармасы өкілінің айтуынша, бюджеттен жыл аяғына дейін жететін қаржы бөлінген. Ұстаздардың айлығы алдағы бір-екі күн ішінде толықтай берілуі тиіс.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20