Дәрігерлерді қорғау: Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық кодекске медицина мамандарын қорғауға арналған жаңа бап енгізілді. Оған сай ақ халаттыларға қол көтергендер12 жылға дейін қамалады. Мәжілістің бірінші оқылымында қабалданған құжатты Нұрсұлтан Тілектес тарқатады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ақ халатты абзал жандар енді заңмен қорғалады. Оларға жұдырық кезеніп, қол жұмсағандар темір торға тоғытылады. Мәселен, күш қолданған адам денсаулыққа және өмірге қауіп төндірмесе де 1000 айлық есептік көркеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 600 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал денсаулыққа зиян келтірсе 3-7 жылға қамалады. Өмірге қауіп төндірсе, 7-12 жылға сотталады. Дәлірек айтсақ, Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бабы енгізілді. Бүгін Мәжіліс отырысында бұл құжат бірауыздан мақұлданды.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қабылдауға барғанда ешкім жанжал шығармай, сен дер кезінде тиісті көмек алуға көмектесетін заң. Егер сен жедел жәрдем шақырсаң саған сол жедел жәрдем дер кезінде келуді қамтамасыз ететін заң. Өйткені саған келе жатқан фельдшерді ешкім ұрып-соғып тастамайды. Саған келе жатқан жедел жәрдем жүргізушісін ешкім ұрып-соғып тастамайды. Яғни басқа адамның өмірін қауіпке әкелмейміз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректеріне сүйенсек, соңғы 5 жылда 280 медицина маманына шабуыл жасалған. Бірақ депутаттар бұл цифр 10 есе көп болуы мүмкін деп дабыл қақты. Өз ісін адал атқарып, кісі өміріне араша түсемін деп таяқтың астында қалғандардың арасында қостанайлық уролог-хирург Антон Кистанов та бар. Оны жұмыс барысында кезегін күткен азамат ашуға булығып соққыға жығып, бас сүйегі сынған. Миына қан құйылып, ауыр жарақат алған дәрігер 4 айға жұмыстан шығып қалған.
Антон Кистанов, уролог-хирург, зардап шегуші:
Біздің жанайқайымыз ақыры жетті-ау. Медицина мамандарын қорғауға арналған жаңа баптың енгізілуі біз үшін қуанышты жаңалық. Ішімдікке салынған, нашақор, психикалық ауытқуы болсын біз науқас таңдамаймыз. Барлығына бірдей көмек көрсету міндетіміз. Сондықтан әр дәрігердің жұмысы қауіпті. Енді құқығымыз заңмен қорғалып, жауапкершілік қатаңдаған соң медицина мамандарын ұрып-соғу да азаяды деп үміттенеміз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Антон өзін соққыға жыққан адамның 1 жылға сотталып, кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты жаза мерзімі жарты жылға қысқартылғанын айтты. Бұзақының тергеу кезінде 2,5 ай изоляторда отырғаны есепке алынып, сот отырысынан кейін бостандыққа жіберілген. Қылмыстық кодекске енген жаңа норма мұндай жағдайдың қайталанбайтынына кепілдік береді. Депутаттар жаңа бап дәрігерлерді ғана емес, бұл – педиатрды күтіп отырған кішкентай балаларды, инфаркт алып жедел жәрдем шақырған зейнеткерлерді, жалпы көмекке мұқтаж науқастарды қорғаумен пара-пар дейді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20