Атырау облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр
Бұл Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы жағдай. Белгісіз індеттен Қарабау ауылында ірі қара қырылып жатыр. Тамыз айынан бері 21 сиыр арам өлген. Жергілікті жұрт осы уақытқа дейін жауаптылардың бұл жағдайға ат-үсті қарағанына наразы. Ал билік өкілдерінің болжамынша өлім-жітім қарасан және пастереллез дертіне байланысты болуы мүмкін. Өлген малдың өлексесі санитарлық талаптарға сай өртеліп, орындары толық залалсыздандырылған. Қазіргі уақытта олардан патологиялық сынама алынып, облыстық зертханаға жіберілген.
Талғат Қадырғалиев, Қарабау ауылының тұрғыны:
Бастапқы белгісі аяғын баса алмайды, тұра алмайды. Сосын әлсіреп барып өледі. Денесі қызулап, жұмыршақтары қатады, су іше алмайды. Сондай белгілері бар. Ауыл халқы қиын жағдайға тап болып тұрмыз. Өлген малдың есебі жоқ тіпті.
Жәнібек Кенжин, Қызылқоға аудандық ветеринариялық станциясының директоры:
Түсінік жұмыстары жүргізілді. Бүгін тағы бір тұрғынның малы ауырып, өлді деген хабар келді. Малдан сынама алынды. Ертең бұйырса облыстық зертханаға қарасан ауруына қарсы жолданатын болады. Енді Қарабау бойынша жағдай қазір тұрақты. Күнделікті өзіміздің жеке бақылауымызда.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28