ШҚО-да қос азаматтығы бар 50 адам анықталды
Шығыс Қазақстан облысында қос елдің азаматтығымен жүрген 50-ден аса адам анықталды. Олардың көбі шет елге көшіп сол мемлекеттің азаматы атанады. Алайда арада біраз уақыт өткен соң елге қайта оралып Қазақстанның төлқұжатын пайдаланады. Сондықтан осындай заңсыздықты болдырмас үшін облыстық полиция департаменті ай сайын жедел рейд өткізеді. Ал Өскемен қалалық көші-көн бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел іс-шарасын өткізіп жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау және шетел азаматтарын ресми тіркеу және одан шығару бойынша түсініктемелер беріледі. Үш күндік рейд барысында көші-қон заңын бұзған жүзден аса шетел азаматы анықталды.
Руслан Хасенов, қалалық полиция басқармасы көші-қон бөлімінің бастығы:
Көші-қон заңнамасын орындау мақсатында Өскемен қаласында соңғы үш айда жедел іс шара 3 рет өткізілді. Нәтижесінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдау бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 589 жеке және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17