Қызылорда облысында «Жастар» саябағы тазаланды
Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Таза бейсенбі» эко акциясы аясында «Жастар» саябағы тазаланды. Демалыс аумағын жинауға «Amanat» партиясының мүшелері, белсенді жастар мен еріктілер жиылды.
Тереңөзек кентінде бүгінде тазалық мәдениеті қалыптасып келеді. Жұртшылық Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, сенбіліктерге белсенді атсалысуда. Жыл басынан бері аудан көлемінде 7 мың тонна қоқыс шығарылып, 70 шақырым каналдар мен арық жүйелері ашылды. Ал бұл жолы 50-ге жуық адам «Жастар» саябағында қураған шөптер мен ағаш жапырағын жинап, айналаны сыпырып, тазартты.
Ақтөре Ибрагимұлы, «Amanat» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Жалпы «Таза бейсенбі» акциясы аудан орталығынан бөлек барлық ауылдарда өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз өзіміздің туған жерімізді таза ұстау, осы жердегі тазалық мәдениетін қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстар ауданда жыл басынан бері жақсы жүргізіліп жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02