Рим папасы Түркияға барды
Рима Папасы 14-Лео Түркияға ресми сапармен барды. Бұл оның Папа ретіндегі
алғашқы шетелдік сапары. Төрт күндік сапарының алғашқы күні Рима Папасы Түркия
Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Католик дінбасының шетелдік
саяхатын Түркиядан бастауы тегін емес. Себебі Түркия аумағындағы ежелгі Никей,
қазіргі Изник қаласында 325-жылы Рим империясындағы барлық христиан діні
өкілдерінің құрылтайы өткен. Осы жиында христиан дінбасылары өз діндерінің
негізгі ұстанымдары мен қасиетті мерекелерін бекіткен. 14-Лео бұл қасиетті
қалаға аяқ басқан алғашқы Рима Папасы болмақ. Бұдан бөлек, бұл сапарында
католик дінбасы Ыстанбұл қаласындағы шіркеулердің бірінде христиан діні
өкілдерімен жалпыхалықтық мінәжат жасайды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17