Оралда студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында студенттерге экологиялық бастамалар туралы кеңінен ақпарат берілді. Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде өткен кездесуде өңірде қолға алынған экологиялық жобалар талқыланды. Спикер жастарға табиғатты аялау әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы қажеттігін айтып, оларды белсенді болуға үндеді. Еркін пікір алмасу форматында өткен шарада студенттер де өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Олар тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, «жасыл жобаларға» қатысу, сенбіліктер мен экологиялық науқандарда волонтер болу мүмкіндіктері туралы құлағдар етілді.
Алина Жұмағазы, студент:
«Таза Қазақстан» акциясы еліміз үшін өте маңызды. Себебі өңірімізді таза ұстауға және оны ластамауға көмектеседі. Студенттермен осыған дейін 25-ке жуық акцияға қатыстық. Сол арқылы еліміздің тазалығына үлесімізді қосамыз деген үмітіміз бар.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17