Ақмола облысында биатлоннан жарыстың алғашқы кезеңі аяқталды
Ақмола облысының Щучинск қаласында биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Жарыс қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында өтті. Оған еліміздің 9 өңірінен 130 спортшы қатысып, спринт және жеке жарыс бойынша екі күн қатарынан бақтарын сынады. Жарыстың екінші кезеңі желтоқсанның басында өтеді. Ал жеңімпаздардың халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде ең мықты деген биатлоншылар Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы кезеңіне қатысуда.
Әділ Төлеубаев,
биатлоннан мемлекеттік жаттықтырушы:
Осы жолғы жарысқа Қазақстан құрамасының екінші негізгі командасы қатысып жатыр. Мұнда да ең мықтылары бар. Әлемдік универсиадаға қатысып, жүлдегер болғандар да бар. Осы жолы жақсы көрсеткішке қол жеткізген спортшылар Әлем Кубогының келесі кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алмақ.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02