Президент: Нағыз кәсіби парламент жасақтауымыз керек
Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Әкімдер форумында Мемлекет басшысы осылай деді. Президент алда құрылатын бір палаталы Парлментте Президент квотасы болмайтынын айтты. Сондай-ақ бұл саяси реформаны осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасына балады. Мемлекет басшысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет. Заң шығару органына білікті, өзі ісінің майталмандары келуі тиіс.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00